Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады.
Аталған іс-шараның мақсаты қала аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады.