Шымкент: U:hack фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

63

Шымкентте The Point венчурлық қорының стартапшылары мен жас кәсіпкерлердің кездесуі және U:hack инновациялық идеялар фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.

2020 жылдың қараша айында онлайн форматта өткен инновациялық идеялар фестиваліне 27 қала мен әлемнің 12 елінен 1280 адам қатысты. Қатысушылар бір тәулікте 471 жоба әзірлеген.

Онда қала мен қоғамның түрлі мәселелерін шешуге арналған ақпараттық технологиялар, контент пен медиа, кино және видео, кәсіпкерлік, ақылды ғылым сынды секциялар болды.

Байқау жеңімпаздарын қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-иновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков пен «U: projects» қоғамдық бірлестігінің төрағасы марапаттады. U: hack фестиваліне серіктестестерден 5 миллион теңге жүлде қорынан басқа, оқу мен өнімнің гранттары ретінде 12 миллионнан астам теңге тартылған.

ThePoint венчурлық қоры – бұл инновациялық жобалар және стартаптарды дамытуға бағытталған инвестициялық қор түрі. Сондай-ақ, бұл U:hub платформасындағы жас кәсіпкерлердің барлық даму кезеңдеріндегі жобаларын қолдайтын бизнес-инкубатор. The Point венчурлік қоры жастардың әлеуметтік ортасы мен жұмыс атмосферасын кеңейтуге тамаша мүмкіндік береді. Жас кәсіпкерлер мен стартап-командалар үшін дайын инфрақұрылым.

Жиынның мақсаты Шымкент қаласында кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуалды жақсарту. Аталған байқауды «U:projects» қоғамдық бірлестігі мен The Point венчурлік қоры бірлесе ұйымдастырған.

Жаңа жоба туралы https://uhack.kz сайтынан танысып, біле аласыздар.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі