Шымкент: Заңсыз жарнамалар және ретсіз сауда орындарына рейд ұйымдастырылды

254

 

Әл-Фараби ауданында заңсыз жарнамалар мен ретсіз сауда орындарына рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Занкоев және қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарамасының мамандары мен аудандық жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.

Қалалар мен елдімекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша ҚР-ның ӘКҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 5 жеке тұлғаға айыппұл салу хаттамалары толтырылды.

Сонымен қатар, белгіленбеген орындарда сауда жасағандарға аталған кодекстің 204 бабы бойынша 2 тұлғаға айыппұл салу хаттамалары толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетерлігі, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізіледі.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы