Шымкентте бәйшешек гүлдеді

243

 Шымкентте алғашқы бәйшешек бүр жарды. Әдетте тау бөктері мен орманда кездесетін өсімдік қала тұрғыны Еленаның бақшасында өсіп шығыпты. «Қызыл кітапқа» енген өсімдік қыстың 10 градус аязына да төзімді екен.

Жайма шуақ көктемнен хабар беретін гүлді көрген Елена бәйшешекті көрісімен суретке түсіріп сіңлісіне жіберген. Ал сіңлісі әлеуметтік желілерге жариялағаны сол еді бірден көптің назарын аударып талқысына түскен.

Айта кетейік, синоптиктердің болжауынша Шымкентті алдағы уақытта жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр. Күн райы 12-13 градусқа дейін жылынады екен. Демек бәйшешектердің гүлдеуіне еш кедергі жоқ.

Мөлдір Ибадуллаева