Карантин кезінде ұстаздар мен ата-аналар арасында дау көбейген. Бұл туралы Түркістан облысындағы медиация кеңесінің төрағасы мәлімдеді. Ғани Рысбаев сөзінше 1341 дау сотқа жетпей шешілген. Және күнгейде тараптарды бітімге келтірудің жолға қойылып келе жатқанын айтады.

Айта кетейік, өңірде 300-ге тарта медиатор бар. Оның 90 пайызы кәсіби маман емес. Алайда өмір көрген, тәжірибесі бар жандар дейді мамандар.

Бауыржан ТӘҢІРБЕРДИЕВ, Түркістан облыстық сотының судьясы: «Тұрғындар арасында туған дау-дамайды шешуде жұрт ауыл ақсақалдарына немесе заңнан хабары бар тұлғаларға жүгінеді. Бұқараның құқық қорғау органдарына жүгінуден қашқақтайтындығыны да бар. Осы орайда халықтың саяси сауаттылығын арттыру керек».

 Назерке Үкібасова