«Өз қыздарымнан таяқ жедім» деген шымкенттік кейуанаға ақыры алимент берілетін болды. Бұл туралы Алтынгүл Асқарованың қорғаушысы айтты. Еркін Қахаровтың айтуынша, 71 жастағы әжей қыздарымен кездескен. Және анасына қол көтерген перзенттері қариядан кешірім сұрапты. Осыдан кейін алимент беруге келісім берген.
Еске сала кетейік, апта басында өз қыздарынан теперіш көрген ананың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Бейнежазбада шымкенттік әжейді өз қыздары үй үшін ұрғаны айтылған. Осыдан кейін туған перзенттерінен жәбір көрген ана бұл ақпаратты растады. Және қыздарының үстінен арызданғанын айтты. Әжейдің қорғаушысы алимент берілгенімен, арыздың қайтпайтынын айтып отыр.
Назерке Үкібасова