Вакцина салу ешкімге міндеттелмейді

208

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов:
«Жалпы, вакцина салу ешкімге міндеттелмейді.

Ерікті тіркелушілер арасында вакцинацияның бірінші кезеңінде халықтың келесі санаттары жатады:

Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, сондай-ақ басқа да саладағы қызметкерлер ақпаннан бастап екпе салса, педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері наурыз айында; студенттер сәуірден бастап, мамыр айында вакцина көлемінің жеткілікті болуына қарай халықтың қалған контингенті қамтылады.

Айта кету керек, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды. Бұл вакцинаны осы жас тобындағы азаматтарға қолдану әлі зерттелмегендігімен байланысты. Вакцинаны тек ҚР кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады.
КВИ-ға қарсы вакцинациялау 6 млн.адамды қамти отырып, биылғы жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда».