Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Жасыл белдеу» КММ-нің 2020 жылы материалдық-техникалық базасы жаңартылып, орман қорын молайтуда бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды.
Мекеме қала аумағындағы 976 га жасыл аймақты және Тассай шағынауданындағы 11 га «Шымсая» шатқалындағы жасыл желекті қорғау, күзету және күтіп баптау жұмыстарын атқарып келеді.
976 га жер учаскесінде 2020 жылы жер жырту (70 га), аумақтағы ағаштардың бұталарын қырқу (60 га), кесілген шырпыларды сыртқа шығару (60 га), көшет арасын қопсыту (25 га), арам шөптерді шабу жұмыстары (25 га) жүргізілді. Алма бауды қоршау жұмыстары да орындалды. Ағаш көшеттерін отырғызуға 10 га жер дайындалып, 2 га жерге 1000 дана көшет отырғызылды.
Өткен жылы 2206 келі түрлі ағаш тұқымдары жиналып, оның 1920 келі тұқымы себілді. Атап айтқанда, 8,2 га орман тұқымбағына 6 келі қылқанжапырақты, 1394 келі жай жапырақты, 235 келі сүйекті-жемісті, 15 келі шекілдеуікті-жемісті және 270 келі жаңғақ жемісті ағаш тұқымдары себілді.
Сондай-ақ, 2020 жылы мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға МТЗ-892, МТЗ-320, МТЗ-1221 маркалы тракторлар, 1 дана жүк көтергіш техникасы, 1 дана патрульдік автокөлік, 1 дана ағаш отырғызу агрегаты және 3 дана УПП-3 техникасы алынды.
Қосымша сұрақтар үшін табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 24-75-73 тел нөміріне хабарласуға болады.