Жоғалған арыстан жаңа орынға жайғасты

147

Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде жұлдызға айналған бұл арланның қазіргі есімі снежок. Зообаққа 5 күн бұрын орналасқан арыстан күшігі әлі күнге дейін жаңа мекенге үйреніп үлгермеген.

Есесіне аз уақытта салмақ жинап, стрестен арылды дейді бақ қызметкерлері. Айта кетейік, Шымкенттегі мекемелердің бірінде видеоға түсіп қалды деген арланға енді 5 ай толыпты.

Шымкенттегі зообаққа келген жыртқыш аң Жетісайдан табылыпты. Желіде жұлдыз болған аң патшасын полицейлер бір күн ішінде тапқан. Мамандар сөзінше жабайы аңды үйде ұстаған өте қауіпті. Оның тек адамға емес, аңға да зияны болуы мүмкін дейді.

Зообақтың жаңа мүшесін қала тұрғындары мен қонақтары бір айдан кейін ғана көре алады. Оған дейін арлан карантинде отыруы керек екен.

Назерке Үкібасова