93 жастағы әжейге пышақсыз ота жасалды

168

Қалалық №1 ауруханада 93 жастағы әжейге пышақсыз ота жасалды. Қария тұрмыстық жағдайда жарақат алған екен. Осыдан кейін ауруханаға жеткізілген оған дереу ота жасалыпты.

Белгілі болғандай әжейдің ұршығы сынған екен. Осылай деген ақ халаттылар шымкенттік әжейдің ұршығына блоктаушы темір қойғанын айтады. Қала берді дәрігерлер жасы үлкен кісіге операцияны еш пышақсыз жасағандарын жеткізді.

Араға екі күн салып 93 жасаған қария аяқтан тұрды. Бүгінде өз күшімен жүрген ол ақ халаттыларға алғысын жаудырды.