Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 13 азамат анықталды. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.

Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Сондай-ақ 6 науқас емделіп шықты.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 22 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6 072 жағдайы тіркелді (3092 – симптомды, 2980 – симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 5 530.

Айта кетейік, 1 тамыздан 9 ақпанға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды – U07.2) пневмонияның 1455 жағдайы тіркеліп, 2 адам емделіп шыққан.