Шымкентте жеңіл өнеркәсіптің құзыреттілік орталығы ашылды

397

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» жанындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығының» жұмысымен танысты.

Аталған орталықта колледждің 8 өндірістік шеберханасы орналастырылған. Өткен жылы білім ордасы «Жас маман» жобасына қатысып, 371 миллион теңгеге «Тігінші-кестелеуші» мамандығы үшін заманауи материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында жапондық «JUKI» компаниясының заманауи құрал-жабдықтарын алған.

Мұндағы жаңа жабдықтармен жұмыс жасау үшін колледждің 30 маманы арнайы оқудан өтіп, сертификаттармен расталды. Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығын құрудағы мақсат — АЭА кәсіпорындары арасында инновациялық бағдарламалар мен технологиялар тәжірибесін енгізу; оқыту бағдарламалары арқылы өндірістен педагогтерді, мамандарды, сарапшыларды қайта даярлау.