Еңбекші ауданының экономикалық көрсеткіштері жоғары

143

Шымкенттің  өндіріс аймақтары шоғырланған, жарты ғасырға жуық тарихы бар, халық саны 300 мыңнан асқан Еңбекші ауданы 2021 жылды  толағай жетістіктермен  қорытындылауда. Ауданның экономикалық көрсеткіштері жоғары.

Шұлық кәсіпорныЕгерде былтыр аудан экономикасына 42,4 млрд. теңге инвестиция тартылса, ағымдағы жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 89,8 млрд. құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе артқан. 1992 жылы Шымкент қаласының жеке капиталға бағытталған инвестиция көлемі 4,9 млрд. теңгені құраса, 30 жылда Еңбекші ауданының бұл көрсеткіші 18,3 есе көбейді.Кілем фабрикасы Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 363,3 млрд. теңге, қала өнеркәсібіндегі ауданның үлесі 55,7 пайызды құрады. Ауданда белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны жылдан жылға артып келеді. Бүгінде шахардағы барлық шағын орта бизнестің 20,5 пайызы Еңбекші ауданында жұмыс істейді.

КәсіпорынСоңғы жылдары аудан аумағында  337 гектарды құрайтын «Оңтүстік» индустриалды аймағы, жалпы жер көлемі 200 га құрайтын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы пайда болып, онда 130 дан астам жоба жүзеге асырылды. 10 мыңннан астам жұмыс орны құрылды. Береке бастауы -тынымсыз еңбек нәтижесін берді.

Кәсіпорындардың табысы ұлғайып, отандық өнімдер алыс және шетелдерге экспорталуда. Бүгінде 306 гектар жер алқабында «Жұлдыз» жаңа индустиралдық аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шынар Оразова