Түркістан: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай байқау жарияланды

328

Түркістан облысында ел азаттығының 30 жылдығына орай байқау жарияланды. «Тәуелсіздік қарлығаштары» атымен басталған бәсекеде ақын, жазушы, журналистер бақ сынай алады. Басты талап тәуелсіздік тақырыбында қалам тербеу.

Байқауға өтініштер бүгіннен бастапа 12 наурызға дейін қабылданады. Ал конкурс нәтижесі 22 наурызда белгілі болмақ. Бәсекеде оза шапқандарға сый-сыяпат та жасалмақ.

Бас жүлдеге 150 мың, бірінші орынға 100 мың екінші орынға 50 мың теңге беріледі. Осыдан кейін туындылар кітап бетіне таспаланып, жарыққа шығады дейді ұйымдастырушылар.

Назерке Үкібасова