Жан-жануарларға 150 миллионнан астам екпе салынады

139

Биыл қазақстандық жан-жануарларға 150 млн- нан астам екпе салынады. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылық министрлігі мәлімдеді.

Жауаптылар сөзінше жыл ішінде жануарларға 151 млн-нан астам манипуляция және 68 млн-нан астам диагностикалық зерттеу жасалмақ. Осылайша мамандар аң-құстарды жұқпалы және экзотикалық аурудан қорғаймыз деп отыр.

Айта кетейік, халықаралық тізім бойынша инфекцияның 88 түрі енгізілген. Ал Қазақстанда 68 түрі тіркелген екен. Ал, Шымкент қаласында 29 ауруға диагностика жүргізілмек. Және 14 түрлі ауруға вакцинация жасалады деген жоспар бар. Осылай деген мегеполис жауаптылары 2 млн. 79 мың 500 бас малдың вакцина алатынын айтады.

   Назерке Үкібасова