Түркістан облысы әкімдігінің ахуалдық орталығының базасында, облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жер сілкінісінен сақтануға арналған кең көлемді оқу-жаттығу өтті.
Облыс аумағы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Табиғат апаты орын алған жағдайда қолданылатын құтқару шаралары мен іс-қимыл ережелерін пысықтайтын ауқымды шараға төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Шараның басты мақсат- төтенше жағдай кезінде адам шығынын болдырмау.
Сейсмикалық жаттығуға жұмылдырылған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 11 бірлік техника мен 30 жеке құрамы кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Оқу-жаттығу жыл сайын 1 наурызда аталып өтетін Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орайластырылған.
Олжас Айдарбек