Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есеге көбеймек

119

Қазақстан бірқатар ауыл шаруашылық өнімдерін көбейтуді көздеп отыр. Ол үшін алдағы үш жылда 400-ден астам зауыт пен ферма салынбақ. Ведомства өкілдерінің сөзінше құс еті, шұжық, сүзбе, алма, қант және балық өнімдері елімізде әлдеқайда аз.

Аталған тағамдардың импортын азайтамыз деген жауаптылар ауылдағы 1 млн. тұрғынды жұмыспен қамтуды жоспарлайды. Және экспортты екі есеге көбейтуді алға қойған.

Сапархан ОМАРОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: «Сүт өнімдері импортының жалпы көлемі сүт шикізатына қайта есептегенде шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Молықтыру мәселесін өнеркәсіптік тауарлық сүт фермаларының қуаттылықтарын іске қосу мен кеңейту және отандық сүт зауыттарын жете жүктеу есебінен шешу жоспарланып отыр. Сондықтан жыл сайын 35 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ретте өткен жылдың өзінде жалпы қуаты 98 мың тонна болатын 48 тауарлық сүт фермасы іске қосылды, оның 17-сі – өнеркәсіптік тауарлық сүт фермалары».

    Назерке Үкібасова