ТЖМ: Биыл тасқын болу қауіпі жоғары

19
2012 жылы Ордабасы ауданын су басқан болатын

Төтенше жағдайлар министрі дабыл қағуда. Еліміздегі 1,5 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстың 300-ге жуығы әбден тозған. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі  Сырым Шәріпханов  баяндама жасап,  биыл тасқын болу қауіпі жоғары екенін атап өтті.

«Болжамға сай, қаңтар-ақпан айларында ауа температурасы нормадан 1,2 градус жылы болады. Оның үстіне, қар қалың. Сондықтан  алда  тасқын бола қалса, жедел әрекет ету үшін 40 мыңға жуық адам, 11 мың техника, 500-ден астам жүзу құралы мен 3 мыңнан астам мотопомпа әзірленді», – дейді министр. Ал Үкімет басшысы бұл жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырып, әкімдерге дайындықты қазірден бастауға тапсырма берді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: «Бүгінде еліміздің шамамен 90% аумағын қар басып жатыр. Мұның барлығы су тасқыны қаупін арттыра түседі. Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында елді-мекендерді су басып, жолдарды шайып кеткен фактілер кездесіп отыр».