«Азық-түлік бағасы шарықтаған өңірлерде әкім орынбасарларын жауапқа тарту қажет»

187
фото inform.kz

«Азық-түлік бағасын тұрақтындыра алмаған әкім орынбасарлары жауапкершілікке тарту қажет». Осылай деген Сауда министрі бүгінгі Үкімет отырысында елімізде әлеуметтік тауарлар тауарлар бағасы 2,5 пайызға өскенін жеткізді.

Ведомства басшысы өз сөзінде бағаны ұстай алмай отырған өңірлерді де тізіп берді. Көшті Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Маңғысатау және Жамбыл облыстары бастап тұр. Аталған аймақтарда баға 3 пайызға дейін көтерілген. Ал, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында азық-түлік құны 2,5 және 2 пайызға аспандапты.

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР Сауда және интеграция министрі: «Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын ұстап тұру бойынша өңірлердің жауапкершілігін атап өткен жөн. Олардың жұмысын талдау қорытындылар бойынша министрлік бірінші тоқсанда атқарылған жұмыс туралы ақпарат енгізеді және шаралардың нақты нәтижелері болмаған жағдайда біз әкімдердің жетекшілік ететін орынбасараларын жауапкершілікке тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз».

Назерке Үкібасова