Ішектің қатерлі ісігінен жылына 60 шымкенттік көз жұмады

112

Тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігінен Шымкентте жылына 60 адам ажал құшады. Қаламыздың ақ халаттылары осылай деп дабыл қағып отыр.

Сөздерінше аты жаман аурудың бұл түрі мегаполисте жылдан жылға күшейіп барады. Ауру әсіресе 50-ден асқан азаматтардан жиі анықталады екен. Онколог мамандар аурудың алдын алу үшін ашық есік күнін өткізді.

Ішектің қатерлі ісігі асқынып барады. Шымкенттік онкологтар тік ішек пен тоқ ішектің дерті күннен күнге күшейіп бара жатқынын айтады. Сұрықсыз статистикаға сүйенсек, жылына 60 шымкенттік жаман аурудың дәл осы түрінен көз жұмады екен. Ал, бұл дерт әсіресе 50-ден асқан азаматтарда көбірек табылады. Осылай деген онкологтар қала тұрғындарын тегін қабылдады.

Ақ халаттылар айтуынша, аты жаман аурудың бұл түрі дұрыс тамақтанбағаннан пайда болады. Тез әзірленетін ас пен газды сулар ісіктің осы түріне әкеп соғады дейді. Кесірінен дерт еш байқалмай 25 жыл бойы өсуі мүмкін. Және ішектің ісігі соңғы сатыда анықталатын аурулардың қатарында жатады дейді мамандар.

Айта кетейік, қала бойынша бүгінде ішектің қатерлі ісігімен 200-ге жуық науқас тіркеуде тұр. Осылай деген мамандар жұртты салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтануға шақырады.

Назерке Үкібасова