«НұрОтан» партиясына — 22 жыл

294

Еліміздің жетекші «НұрОтан» партиясына бүгін 22 жыл. Осы атаулы датаға орай партияның Шымкент қалалық филиалында мерекелік шара өтті.

Ардагерлер жастармен кездесіп, оларды халықтың сенімін ақтауда аянбай еңбек етуге шақырды. Жиынның соңында нұротандықтардың қатарын толықтырған жас буын өкілдеріне әріптестері құрмет көрсетті.

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында бүгінде 49 бастауыш партия ұйымы жұмыс атқаруда. Қатарында 35 мыңнан астам партия мүшесі бар жетекші партия жақындағы сайлауда да халықтың сенімінен шықты. Қатарынан 5 шақырылымда облыс мәслихатының депутаты болған  Әбілқасым Досболов сонау қиын қыстау кезеңде әріптестерін партияның бағдарламаларын орындауға жұмылдыра білді. Аға буын өкілдерінің өмірлік жолы бүгінгі жастарға үлгі өнеге.

Мерекелі жиында филиал төрағасы «алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстар- жетекші партияның сайлауалды бағдарламасы. Сондықтан әрбір партия мүшесі халық алдында берген уәдені орындауға білек сынаба кірісуі керек» деп атап өтті.

Ең бастысы көшбасшы партия мемлекетіміздің шекарасын айқындап, ядролық қарудан бас тартты. «Татулық пен тыныштықты» ұстаным еткен, «Береке мен Бірлікті» ұрандатқан нұротандықтардың қатары жылдан жылға толығуда. Мерекеге орай, он жерлесіміз партияға өтті.

Шынар Оразова