Қазақстанда қатерлі індет қайта күшеюде

100

Қазақстанда қатерлі індет жұқтырғандар қайта көбейіп барады. Науқастар әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан анықталуда. Мұнда табылған індет жұқтырғандар қатары 200-ден 500-ге дейін жетеді. Осылай деген еліміздің денсаулық сақтау өкілдері бұған қарсы тұрудың бір ғана жолы деп екпе егуді ұсынып отыр.

Енді еліміздің ақ халаттылары вакцина егуді барынша жеделдетпек. Және оны қабылдайтын азаматтар қатарын да арттыруды көздеп отыр. Жауаптылар сөзінше 1-сәуірден бастап республикаға тағы 1 млн доза екпе жеткізіледі. Осылайша АҚШ-ты үлгі еткен қазақстандық билік өкілдері көзге көрінбейтін аурудың алдын алмақ ниетте. Айта кетейік, америкалықтарға жаппай вакцина егілген соң дерт 3 есеге азайған болатын.

Айта кетейік, дәл осы спутник ви вакцинасы британдық және оңтүстік африкалық індеттен де сақтайды. Естеріңізге салайық, вирустың бұл екі түрі де елімізден анықталған болатын. Британдық ауруда жөтел, қатты шаршау тамақтың ауруы мен иіс сезу жоғалуы байқалады. Ал, оңтүстік африкалық аурудың белгісіне дәм сезу, ыстықтың көтерілуі жатады.

Денсаулық сақтау министрлігінің Сәуір айындағы жоспары бойынша 1 млн қазақстандық екпе алуы керек.

  Назерке Үкібасова