Шымкент қаласында 86 жастағы Жалғас Сулайманов есімді азамат 21 ақпан күні ауыр халде жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын.
Дәрігерлер компьютерлік томографияның көмегімен жұқпалы дерт қарт кісінің өкпе тінінің 80% зақымдағанын анықтаған. Медицина мамандары науқасты реанимация бөліміне жатқызып, жасанды тыныс алу аппаратына қосты. Вирусқа қарсы жүргізілген терапиялық емнің нәтижесінде зейнеткердің жағдайы жақсарып, 4 наурызда жасанды тыныс алу апаратынан алынды.
–Науқас ауруханаға КВИ инфекцияның ауыр дәрежесімен түсті. КТ-да өкпесінің 80 пайызы зақымдалғанын байқадық. Зейнеткерге антикогулянтты, гормональді, оксигенотерапия емдері жүргізілді. Дертінен сауыққан қарт кісі үйіне шығарылады,-дейді жұқпалы аурулар орталығының дәрігері Марлан Қуанышбекұлы.
Білікті дәрігерлердің еңбегіне қарияның алғысы шексіз. Қария ақ халаттыларға алғысын ақ батамен жеткізді.