Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен №2 қалалық аурухана базасында жоғары мамандандырылған инсульт орталығы мен ангиография бөлімшесі ашылды.

Жаңадан ашылған орталықта медицина мамандары Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
Заманауи медициналық құрал – жабдықтармен қамтылған орталық 30 орынға лайықталған. Мұнда соңғы үлгідегі экспресс – класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды желдету, цифрлы ренген сынды инсульт ауруын емдеуге қажетті аппараттар орнатылған.

Теңдесі жоқ құрылғылармен жұмыс істеу үшін медицина мамандары шет елдерде біліктілігін арттырып келген.