Шымкент қалалық сотында судьялар мен журналистер бас қосып, «Сот пен БАҚ-тың өзара байланысы» мәселелерін талқылады.
Судьялар заңнамадағы соңғы өзгерістер, сот қызметіндегі жаңашылдықтар жайлы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады. Басқосуда әлеуметтік желіде тексерілмеген ақпараттарды жариялау, осындай олқылықтарға баратын азаматтардың жауапкершілігі де әңгіме болды.
«Блогерлер, азаматтар тексерілмеген ақпаратты жариялай салады. Журналистер ресми ақпарат бергенде жан- жақты деректерге сүйене жазады. Екі тараптың айтылған сөздері ескерілуі тиіс»,- дейді Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат ІЗБАСАРОВ баяндамасында.
Кейбір блогерлер «хайп» үшін әдеп нормаларынан аттап, заңға қайшы әрекет етуге дейін баратыны жайлы айтқан тілшілер мұндай азаматтарды жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс та айтты.
Шынар Оразова