Су арналары тәулік бойы бақылауда

153

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан облысы бойынша филиалының мамандары Түркістан облысымен Шымкент қаласындағы су қоймалары мен өзендердегі су деңгейі күнделікті бақылауда екенін айтады.

Судың арнасынан шығып, елдімекендерді басу қауіпі жоқ. Аудандардағы гидробекеттерден мекеменің байланыс торабына әр 4 сағатта судың деңгейі жайлы мәліметтер түсіп тұрады. Жауған жауын-шашыннан еш қауіп жоқ, өйткені биыл қар аз жауды дейді сала мамандары.
Маханбет ЖАЗЫХБАЕВ, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директоры: «Түркістан облысында 21 өзен бар, 29 жерде гидробекеттер  орналасқан. Ондағы бақылаушылар күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істеуде. Егер де қандай да қауіп болса, ол жайында хабарлама таратылады. Әзірге еш қауіп жоқ».

Шынар Оразова