«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылына Түркістан қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-9 сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялайды.

Құжаттарды қабылдау – 2021 жылғы 23 наурыздан 7 мамырға дейін (қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі – 9.00-ден 15.00-ге дейін, түскі үзіліс – 12.30-дан 13.30-ға дейін).

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі: Түркістан қ., Б. Саттарханов даңғылы, 29, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Байланыс тел.: 8 702 066 33 77.