2021 жылдың 28 ақпанында Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны арызданған.
Ол өз арызында белгісіз тұлға үйінің қоршалмаған ауласынан байлаулы тұрған құны 100.000 теңге тұратын 3 айлық алабай күшігін жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала тұрғынының жоғалған иті табылып, егесіне қайтарылды.