Жанар-жағармайдың қоры жеткілікті, бағасы тұрақты

266

«Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге шаруаларға жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай бөлу мәселесі үкімет тарапынан қолға алынған»,- дейді «Жанар-жағармай» ассоциациясының төрағасы Қайыпбек Қамбаров. Дизельды отынды үлестіру Шымкент қаласында екі операторға міндеттелген.

«Жанар-жағармай бекеттерінде дизельді отынның литрі 175-180 теңге аралығында сатылуда. Халыққа 160-165 теңге төңірегінде босатылады. Дизельді отынның қоры тұрақты. Республикадан 396 мың тонна бөлінеді Түркістан облысы мен Шымкент қаласына 78 мың тонна»,- дейді «Жанар-жағармай» ассоциациясының төрағасы.

Төраға сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің қоры да шаһарда жеткілікті, бағасы да тұрақты дейді. Бүгінде ірі компаниялардың жанар-жағармай бекеттерінде бензиннің литрі 150-151 теңге болса, ұсақ бекеттерде бағасы 145-147 теңге аралығында. Көрші Қырғызстанда бензиннің бағасы бір литрі 185 теңге, Өзбекстанда 260 теңге, ал Ресей Федерациясында — 255 теңге.

Шынар Оразова