Шымкентте сұйытылған газдың қоры жеткілікті

32

Қызылорда облысында сұйытылған газды сыртқа тасымалдауға шектеу қойылды. Мұндай шектеу Шымкентте енгізілді ме? Сұйытылған газдың қоры қанша? Бүгінде бұл отын түріне сұраныс қандай?

Сұйытылған газ, жалпы жағармайға сұраныс аязды күндері төмендеген. Көлік жүргізушілерінің бірқатары қауіпсіздік шараларын сақтаса, тағы бір себеп Шымкенттен өтетін жүк тасымалы жыл басталғандықтан азайған дейді Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров.

Көрші Қызылорда облысында өңірден сұйытылған мұнай газды өзге өңірлерге тасымалдауды шектеу үшін блок-бекеттер орнатыпты. Шымкентте сұйытылған газдың қоры жеткілікті. Сондықтан ешқандай шектеулер жоқ дейді маман.
Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай қауымдастығының» төрағасы: «Шымкентте сұйытылған газдың қоры жеткілікті. Ешқандай проблема жоқ. Оны үлестіру қадағалау қажет. Сонда күрделіктер болмайды. Бағасы да сол баяғы».

Төрағаның айтуынша шаһарда 269 жанаржағармай бекеттері жұмыс істеп тұр. Сұйытылған газдың литрі былтыр бекітілген бағада сатылуда, 60 теңге дейді. Оны бекеттегі қызметкерлер де растап отыр.

Жанар-жағармай бекетіндегілер сұйытылған газдың бағасы арзан болғаннан кейін жүргізушілердің басым бөлігі осы отынға өтіп жатыр. Алайда тәжірибелі жүргізушілер бензинді сұйытылған газға алмастырмауға кеңес береді.

Шамсудин Абудллаев, жүргізуші: «Менің 30 жылдың өтілім бар, автомобилистпін. Мен бензинді қалаймын. Сұйытылған газды біреулер тиімді дейді, өздері біледі».

Жанар-жағармай қауымдастығы төрағасының пайымдауынша Шымкентте бензин, дизелді отын да сұйытылған газ да жеткілікті. Күрделік қай уақытта туындайды өнімдерді дұрыс үлестірмегенде, жүйелік болмағанда дейді.

Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай қауымдастығының» төрағасы: «Жанар- жағармай стратегиялық өнім болғандықтан, оны қадағалау керек: қайда кетіп жатыр, жетті ме жетпеді ме. Және шаруаларға көктемгі дала жұмыстарына, шаһардағы мекеме жеке азаматтарды ескеріп қорын жасау керек. Сонда күрделіктер туындамайды».

Қауымдастық «қала халқы үшін газ бен дизель қорында тапшылықты болдырмау бағытында жұмыс атқарып жатырмыз. Оның нәтижесін бекеттердегі жұмыстан байқауға болады. Мұнда сұйытылған газ, бензин, дизель отыны жеткілікті көлемде. Өйткені, олардың жұмысы біздің қадағалауымызда»,- дейді төраға.