«Шымкент жастар лигасы» Шымкент тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен қолға алынды.
Жалпы жүлде қоры 80 млн теңге. Спорттың 4 түрінен футбол, баскетбол, волейбол және шахматтан жеңімпаз болған командаға 20 млн теңге қаржылай сыйлық беріледі.
Бұл қаржы мектептің қажеттіліктеріне, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады.
Төрт спорт түрінен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клубы» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинация бойынша диплом мен бағалы сыйлықтар табысталады.