Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде тапсырыс алатын жекеменшік емханаларда ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды.

Жекеменшік клиникалардың арасында алғаш болып «Sunkar Premium» орталығы екпе егу шараларын жүргізді. Клиникада бүгін медицина қызметкерлеріне вакцина салынды. Жекеменшік емханада инфекцияға қарсы екпе егу үшін барлық жағдай қарастырылып, медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.

Айта кетейік, вакцинациялау үшін қалада 21 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде егу кабинеттері дайындалған. Тиісті санаттағы азаматтарға екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларында жүргізіледі.