Шымкентте полицейлерді Ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды

172

Шымкентте полиция департаменті қызметкерлерін ковидке қарсы вакциналау жұмыстары басталды. Тәртіп сақшыларына екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларында жүргізілуде.

Полицейлерді вакциналау үшін 21 алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде арнайы кабинеттер дайындалған.

Айта кетейік, полиция департаменті қызметкерлеріне отандық «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы салынуда. Егу науқанын сапалы өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. Вакциналау ерікті негізде жүргізіледі.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі