«Асар-2» шағынауданында ауыз сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде

95

 

Шымкент қаласында бүгінде 6 шағынауданда ішкі ауызсу жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Солардың бірі «Асар-2» шағынауданында су құбыры тартылып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.

Су құбыры нысаны 2020 жылдың мамыр айында басталды. Құрылыс ұзақтығы 9 ай мерзімде аяқталады деп жоспарлануда. Тартылатын су құбырының ұзындығы 156,1 км.
Аталған жұмыстар бойынша бас мердігер «Сарыағаш Аман» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі, ал техникалық қадағалаушы «Арх Строй Сервис-А» ЖШС болса, жобалаушы мекеме «УЛМАД» ЖШС-і.

Нәтижесінде биыл қыркүйек айында «Асар-2» шағынауданындағы 2 723 үй таза сумен қамтылатын болады.