Бақытжан Әшірбаев өмірден озды

301

Танымал белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев өмірден озды. Ол Шымқаланың ғана емес, бүкіл елдің үздік сәулетшісі атанған еді. Ал бүгін Бақытжан Әшірбаевты туыстары, достары мен әріптестері мәңгілік сапарға шығарып салды. 

Бақытжан Әшірбаевтың туыстары мен достарының сөзінше, ол өте ашық, эмоционалды, көрнекті әрі шығармашыл адам еді. Ізінен сөз ертпеген, еңбегіне адал жан болатын. Ол бір ай бұрын түрлі жобаларды жоспарлады, армандады. Ал бүгін…Талант иесі біздің арамызда жоқ…

Тахир УЗДЕНОВ, досы: «Алмастыруға келмейтін адамдар жоқ дейді, ол дұрыс емес! Ондай жан бар, ол Бақытжан Әшірбаев еді. Біз оны жоғалтып алдық. Ол өте жақсы адам еді, ол әділ болды!».

Шымкенттегі Әкімшілік іскерлік орталығы, Наурыз саябағы, Бадам өзенін абаттандыру. Бұл — Бақытжан Әшірбаевтың ауқымды жобаларының аз ғана бөлігі. Ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісі, өңір әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Өкініштісі, жан-жақты әрі талантты адам бізбен ерте қош айтысты…

Бақытжан Құдайбергенұлы көптеген адамдарға тәлімгер болды, өмірінің соңына дейін білгенімен бөлісті, өзгелерге әрқашан қол ұшын беретін. Біршама адамдар одан кеңес сұрайтын еді…

Нұрлан АРХАБАЕВ , Шымкент қаласының бас сәулетшісі: «Ол кісі өзі осы қаладағы үлкен үлкен ауқымды жобалардың басында болған. Оны атап өтсек өздеріңіз білесіздер ең үлкені әкімшілік іскерлік орталығы, үлкен ауқымды жоба. Ол бүгінгі таңға дейін әлі жүзеге асырылуда. Одан бөлек Бадам өзенін абаттандыру, оны ретке келтіру. Сонымен қатар біздегі Наурыз саябағы бар. Оның бүгінгі таңда қандай екені көріп тұрсыздар».

Талантты сәулетші, өмірін қала құрылысы мен архитектураға арнаған Бақытжан Әшірбаев 68-ге келген шағында мына өмірмен қоштасты. Ол өте мықты болды, бірақ сырқатын жеңе алмады. Әшірбаевтың қазасы бүкіл Шымкент үшін ауыр, орны толмас қайғыға айналды деуге болады. Ол жұртшылық үшін Шымкенттегі аңыз адам деген атқа ие еді.

Мөлдір Ибадуллаева