Кенемен күрес: Зарарсыздандыру жұмыстарына 130 млн. теңге бөлінді

274

Шымкентте қырым қанды безгегін қоздырушы кенеге қарсы зарарсыздандыру жұмыстары мамырда басталады. Жұмыстар қырым қанды безгегінің ошақтары: мал ұстайтын қора жайлар

және олар жайылатын аумақтарда жүргізілмек. Күні бүгіннің өзінде сала мамандары шаһарда мал ұстайтын тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде қалалық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы мәлімдеді.
Асқар ҚАНЫБЕКОВ, Шымкент қалалық  ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы: «Конкурс өтті. Қырым қанды безгегін қоздырушы кенеге қарсы зарарсыздандыру жұмыстары  қалада мамырда басталады. Зарарсыздандыру жұмыстарына 130 млн. теңге бөлінді».

Шынар Оразова