Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылында «Малике» шаруа қожалығы алғашқы өнімін сатылымға шығарды. Егіншілікті кәсіп еткен Мадина Орманәліқызы агрономия саласындағы тәжірибесін бұған дейін отбасымен бірге арттырған.

3 гектар жерге 2020 жылдың соңында түркиялық агрономдармен бірігіп, бірінші рет қияр еккен. Бүгінде алғашқы өнімін берген жылыжайдан жылына екі өнім алуды көздеген Мадина Орманәліқызы қиярдың орташа өнімділігі 400 тоннаны құрайды дейді.

Аудан әкімі Уласбек Садибеков қазірдің өзінде 100 тонна қияр жинап үлгерген шаруа қожалығына барып, әкімдік тарапынан көрсетілетін қолдау жайын әңгімелесті. «Малике» шаруа қожалығының қиярлары тек Оңтүстік өңірлерге емес, Қырғызстан Республикасына да жөнелтілуде.

Бұдан кейін аудан басшысы барлық жауапты сала басшыларына келесі кезеңде атқару тиіс тапсырмаларды жүктеді.

 

QAINAR KÓZСайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі