Шымкенттегі №1 емхана қызметкерлері қаладағы полиция департаментіне барып, вакцинациялау жұмыстарын жүргізуде.

Құзырла орган өкілдеріне екпе егу үшін жалпы тәжірбиелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды мамандар департаментке барып жұмыс істеуде. Таңғы сағат сегізден басталған вакцинациялау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғаспақ. Бүгін түске дейін медицина мамандары полиция департаментіндегі 30 қызметкерге вакцина салған. Екпе алғандардың арасында жанама әсерлер байқалмады дейді мамандар.

Қазір Шымкенттегі медицина ұйымдарында вакцинаның жеткілікті қоры бар. Сәуір айының соңына дейін қалаға ковидке қарсы 32 мыңнан астам доза вакцина жеткізіледі деп жоспарлануда.