Шымкентте Полиция департаментінің баспасөз хатшысы тағайындалды

226

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы болып полиция подполковнигі Бағлан Исатаева тағайындалды.

БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнататын жаңа баспасөз хатшы 2008 жылдан бері ішкі істер органдарында еңбек етіп келеді.

ҚР ІІМ Академиясында магистратураны үздік бітірген. Бұған дейін Алматы және Астана қалаларындағы тергеу бөлімдерінде еңбек еткен.