Шымкент қаласындағы су қоймаларының гидрологиялық жағдайы тұрақты

296

Өткен тәулікте Шымкент қаласының аумағында орналасқан Бадам, Тоғыс, Текесу, Ақжар су қоймаларында судың тұрақты деңгейі байқалды.

Су қоймаларына тәуліктік судың келуі 1-ден 5,5 текше метрге дейін құрайды. Жауын-шашынның жиі түсуіне байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері күн сайын су қоймаларына мониторинг жүргізеді. 2021 жылғы 05 сәуірдегі жағдай бойынша су қоймаларының толымдылығы 16-дан 70% – ға дейін құрайды.

Елді мекендерді, әлеуметтік маңызы бар, ықтимал қауіпті және басқа да маңызды объектілерді су басуы жоқ.