Шымкентте қаладағы ең арзан нан пісіретін наубайхана ашылды

344

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы 333 кварталда жоба құны- 300 млн теңге тұратын «Темиршиков» ЖК нан-тоқаш өнімдерін өндіретін наубайхана іске қосылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік нысанның ашылуына қатысып, наубайхананың жұмысымен танысты.

Жалпы аумағы 7200 шаршы метр кәсіпкерлік нысан жаңа үлгідегі нан пісіруге арналған заманауи технологиялармен жабдықталған.

Баса айта кетерлігі, қаладағы ең арзан нан осында өндіріледі. Өйткені, наубайханада заманауи құрылғылар газбен жұмыс істейді. Сонымен бірге,100 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Сондай-ақ, жаңа наубайханадағы орнатылған нан пісіретін пештер Шымкенттің өз өнімі.

Наубайхана жұмысымен танысқан қала басшысы қазіргі нарықтық экономикада бағаны тұрақтандыратын осындай бастамалар екенін алға тартып, сала басшыларына мұндай жобаларды қолдау керектігі жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге, бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына да тоқталып, басқа өңірлерге де үлгі ретінде көрсету қажеттігін айтты.

Наубайхана тәулігіне қуаттылығы 90 мың дана нан өнімдерінің түрлерін, оның ішінде 65 мың дана әлеуметтік нан (қалыпты бөлке нан) өнімдерін шығаруда.