Шымкентте жеміс-көкөністі қайта өңдейтін екі кәсіпорын ашылады

171

Шымкент қаласында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың бірі қуаттылығы сағатына 3 тоннаны құрайтын жеміс-көкөністі қайта өңдейтін кәсіпорын. Жоба құны 400 млн теңге. Бүгінде аталған нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ал екіншісі сағатына 7 тонна жеміс-көкөністі өңдеуге қауқарлы кәсіпорын. Жоба құны 1 млрд. 318 млн. теңгені құрап отыр. Нысан құрылысы алдағы уақытта басталады деп жоспарлануда.

Шымкент қаласында жалпы биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық 28 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 71,7 мың тонна бидай, арпа, жүгері, көкөніс, бақша, картоп, жеміс сынды өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріледі деп жоспарлануда.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі