Silkway халықаралық университетінің жанында түрік академиясы ашылды. Осылайша СИЛКВЕЙ мен түркиялық Hirmizy group компаниясы арасында білімнің алтын көпірі орнатылды. Бұл қадам екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан ары нығайтып, студенттерге білімін жетілдіруге мол мүмкіндік береді,- дейді шымкенттік оқу ордасындағылар.

Silkway халықаралық университеті ұжымы түркиялық қонақтарды құшақ жая аса құрметпен қарсы алды. Білім ордасының жетістіктері айқын. Silkway халықаралық университеті бүгінде әлемдегі 100-ден астам жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бүгін жаңа жоба аясында Hirmizy group компаниясы арасында білімнің алтын көпірі орнатылды. Силквей университетінің жанынан түрік академиясы ашылды.

«Қазақстандықтардың түркиялықтармен ұқсас тұстары көп. Мәдениеті, әдебиеті біте қайнасып жатыр, деп атап өтті құттықтау сөзінде  Silkway халықаралық университетінің Ифтихар ЮНУСОВ: «Біздің міндетіміз – білікті мамандарды дайындау. Шәкірт тәрбиелеу жолында бірге тың жетістіктерге жетеміз деп сенемін».

Өз кезегінде түркиялық Hirmizy group компаниясының өкілі білімнің алтын көпірі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына үміт артып отырғанын жасырмады.

Мустафа ХУРМУЗЛУ, Hirmizy group компаниясының өкілі: «Silkway халықаралық университетімен іскерлік қарым-қатынасымыз нәтижелі болатынына сенімім мол. Студенттерге білім беру бағытында жаңа технологиялар мен үздік әдістерді кеңінен пайдалана отырып тәжірибе алмасамыз».

Silkway халықаралық университеті 30 жылдық тарихында 40 мыңнан астам шәкірт тәрбиелеп, үздіктер ұстаханасына айналған. Бүгінде оқу ордасының түлектері еліміздің барлық салаларында нәтижелі жұмыс атқаруда.

Мұрат ЖАРҚЫНБЕКОВ, Silkway халықаралық университеті ректорының міндетін атқарушы: «Біздің университет  Hirmizy groupпен  білім саласында  алтын көпір жобасын жүзеге асырды. Оның асында  Silkway халықаралық университеті білім, ғылым саласында, лингвистика бағытында жұмыс  жасайды».

Қонақтар университеттің тыныс-тіршілігі мен жүзеге асырылып жатқан үздік жобалармен танысты. Студенттердің білімін жетілдіруге жасалған жағдай үлгі тұтарлық,- дейді олар.

Лиц.№КZ80LАА00012923, 2.03.2016ж. ҚР ҒжБМ берілген