Түркістан: Абаттандыру жұмыстары ақсақалдар бақылауында

93

Түркістанды абаттандыруға облыс тұрғындары жұмыла кірісуі керек. Осылай деген өңір ақсақалдары жауаптылармен кездесті. Және аймақты жасыл желекке айналдыру процессін баядады.

Қариялар сөзінше олар қазір көшеттердің егілуі мен күтіп бапталуын бақылап жүр. Және бұл шараға тұрғындардың бей-жай қарамауын сұрайды. Сөздерінше жұмыла кіріскенде ғана түркі елдерінің рухани астанасы одан әрі көріктене түспек.

Дамир ЖҮНІСОВ, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы: «Терек, қарағаш, арша, жиде секілді ағаштар отырғызылып жатыр. Әр секторге 10 мыңға жуық ағаш отырғызу межесі қойылып отыр. Әр секторге тамшылатып суару жүйесін не болмаса Арыс Түркістан каналынан су жеткізу мәселесі жолға қойылған».

Айта кетейік, биылдың өзінде Түркістанда 10 мың түп көшет егілген. Барлығы 32 секторда жасыл желектер 2 жылдан бері отырғызылып келеді. Алайда, олардың барлығы да көгеріп жатқан жоқ дейді ақсақалдар. Кей ағаштар жерсінбей қурап қалған екен.

Тұрғанбек ОСПАНОВ, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: «Өзі ағаш егудің мәдениеті болады. 3 метр 4 метр ағашты отырғызып жатыр ғой. Оның тамыры күші келмейді ғой. Мен 9 секторды бақылап жүрмін. Қажет жерде 1 м 2 метр қылу керек. Жазда су бермей қуратып жатырмыз».

Назерке Үкібасова