Түркістан: «Еңбек» арқылы 74 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады

141

Түркістан облысында биыл нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 17 млрд. 570,1 млн. теңге қаралған. Нәтижесінде 73 996 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді. Ол өз сөзінде «Бастау бизнес» жобасына жолдама алғанның бәрі грант алады деген қате пікір екенін айтты.

Нұржан НҰРАШОВ, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары: «Кәсіпкерлер палатасынан  оқытатын азаматтарды міндетті түрде тест өткізесіздер. Одан 30, 40 пайызы өтпей қалуы мүмкін. Сондықтан, мысалы біз 100 адамның орнына 120 адамды жіберсек оның бір 30,и40-ы өтпей қалса біз қосымша жолдама береміз. Сол кезде жаңағы адамдар қалып қоймайды сыртта. Өйткені көп адам мысалы оқуға жолдама алсам міндетті түрде грант алуым керек деген ой пайда болады. Бір айтатыным бизнес бастауда оқығанның бәрі грант алады деген сөз емес».

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары Жанна Тілеубекова «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту карантинге байланысты онлайн форматта өтетінін хабарлады.

Мөлдір Ибадуллаева