2021 жылғы 17 сәуір күні жергілікті тұрғын Шымкент қаласының Полиция департаментінің Whatsapp желісіндегі «Жедел әрекет ету» чатына қаладағы Әл-Фараби алаңы «Халық» банкінің алдыннан бір азаматтың жеке куәлігін тауып алғаны бойынша хабарлама жолдап, оның иесін табу үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Нәтижесінде хабарлама жіберген тұрғын, жеке куәлік иесі табылып, құжатын алып кеткенін хабарлады. Және полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.

Шымкент қаласы Полиция департаменті полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтың бастамасымен ашылған чаттың тиімділігі артып, тұрғындар нәтижелі жұмыстың куәсі болуда. Атқарушы орган мен халықтың арасында байланыс нығайып, туындаған мәселелер жедел шешілуде.

QAINAR KÓZШымкент ҚПД-нің Баспасөз қызметі