Қазақстанның аумағы бүгіннен бастап 796 гектарға ұлғайды.
Өйткені, кезінде Өзбекстанға қараған Бағыс және Хиебон ауылдары шекаралас Сарыағаш ауданына өтті. Тіпті, қос елді-мекеннің Түркістан облысына қосылғаны туралы тиісті құжатқа премьер-министр Асқар Мамин қол қойды. Осылайша шекарадағы Сарыағаш ауданының жері кеңейіп отыр.
Нұржан Көкеев, Сарыағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы: «Пайдаланудағы тұрғын үйлерін заңдастыру мақсатына өтініш жазып, ол да жер бөлу комиссиясында қаралып жатыр. Алдағы аптада жер бөлу комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін адамдар барып өздерінің жер орналасу жобасын жасатып, ауыл әкімінің шешімін алып, өздерінің пайдаланып жатқан тұрғын үйлерін заңдастыруға толық мүмкіндігі болады».
Шынар Оразова