Қала әкімі «Бозарық» қосалқы станциясының құрылыс барысымен танысты

119

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «БОЗАРЫҚ» қосалқы станциясының  құрылыс барысымен танысты. Қалада  энергетика саласын дамыту бағытындағы 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды.Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңге. Қосалқы станцияның қуаттылығы 160 МВт. Шаһар басшысы жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындап, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Тұран шағын аудан тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілуде. Бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жалпы жоба құны 2,3 млрд. теңгені құрайды. Ал, 2-кезең 0,4 кВ ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады.Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2022 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.