«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында 2021 жылдың 1 наурызынан бастап (Футбол, волейбол, баскетбол, шахмат) спорттық ойындар бастау алған болатын.
Алдымен баскетболдан финалдық ойындар өтіп, чемпиондар анықталды.
Ойынның қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындағы №8 үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназия мектебі 1-орынды жеңіп алды. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі 2-орын, №28 жалпы орта білім беретін мектебі 3-орынға ие болды.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысушыларға қолдау білдіріп, үздік ойын-өрнегін көрсеткен командаларды жеңісімен құттықтады.
Жеңімпаз атанған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 1 шілде күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтед