Түркістан: Ардагерлерге арналған аллея ашылды

71

Түркістан облысында ардагерлер аллеясы ашылды. «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында салынған бұл аллея Келес ауданында орналасқан.

Бұл демалыс орнын ашудағы басты мақсат — Ауғанстан соғысы және тәжік-ауған қақтығысына қатысқан ардагерлерді ұлықтап, олардың ерлігін кеңінен насихаттау дейді партиялықтар. Сондай-ақ, бұл аллеяға ардагерлерге арналған ескерткіш-монументі де қойылды. Ал мереке қарсаңында «Nur Otan» партиясының өкілдері мен ардагерлер алғаш рет ескерткіш-монуметіне мәңгілік алау жақты.

Ахмет ЖҰМАБЕКОВ, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Ауданда Ауған соғысынан қаза болған 5 жерлесіміз бар. 5 жерлесімізге және сонымен қатар ардагерлерді ұлықтау мақсатында ашылып отыр. Бүгінгі іс-шарамыздың басты мақсаты — жастарды отан-сүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Жастарымыздың қаза болған ардагерлеріміздің ерлігіне тағзым етіп баулуға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз»

Аллеяның ашылу жиынында қонақтар мен ардагерлер жаңа ашылған ескерткіш-монументке гүл шоқтарын қойып, майдандастарын еске алды.

Мөлдір Ибадуллаева